Астана. 14 наурыз. Baq.kz – ШҚО ауруханаларының дәрігерлері есту қабілетінде кемшілігі бар жаңа туған нәрестелерді анықтай алады.
Астана. 14 наурыз. Baq.kz – ШҚО ауруханаларының дәрігерлері есту қабілетінде кемшілігі бар жаңа туған нәрестелерді анықтай алады.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыста әзірге екі балалар сурдологиялық кабинеті бар. Олар Өскеменде және Семейде орналасқан. Мұнан бөлек, облыстық орталық ауруханада аралас, яғни, балалар және ересектер кабинеті жұмыс істейді.
Сондай-ақ, ведомстваның хабарлауынша, 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы территориясында дүниеге келген барлық сәбидің есту қабілеті тексерілген.
Кейбір құлақ мүкістігі анықталған жағдайларда адам ағзасына арнайы құрылғы орнатылады. Биыл осындай кохлеарлық имплантация отасы шығысқазақстандық 13 нәрестеге жасалмақ. Мұндай операцияларды дәрігерлер Алматыдағы «Ақсай» республикалық клиникалық ауруханасында жүзеге асырып келеді. Айта кетейік, кохлеарлық имплантация есту қабілетінен айырылған немесе іштей мүгедек болып туған балаларға жасалады. Бұрын бұл ота тек шетелдерде жүзеге асырылатын. Енді қазақстандық дәрігерлер есту қабілеті дамымаған науқастарға дыбыс тануға мүмкіндік беретін кохлеарлық операцияларды өздері жасай алады. Халықаралық әдіс осыдан 5 жыл бұрын бізге де жетіп, қазақтың 800-ден астам баласының құлағын ашты. Қаржы мәселесіне келер болсақ, шетелде мұндай операция 40-50 мың евро тұрады. Ал бізде ол бұдан бес есеге дейін арзан екен. Оның үстіне квота арқылы тіпті ақысыз жасатуға да болады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!