ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов басқа жылдармен салыстырғанда 2018 жылдың басынан бері менингиттен көз жұмғандар санының неліктен көбейгені туралы түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов басқа жылдармен салыстырғанда 2018 жылдың басынан бері менингиттен көз жұмғандар санының неліктен көбейгені туралы түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Азаматтар өздері вакцинадан өтемін десе менингитке қарсы арнайы вакцина бар. Бұл жыл сайын болып жатқан жағдай. Бақылап отырмыз. Асқынып жатқан жағдай емес. Жыл сайын адам өліп жатыр. Өкінішке қарай, өте қауіпті инфекция. Әлі де мұндай жағдайлар болады. Басқа жылдармен салыстырғанда саны өсіп бара жатқаны бізге емес (министрлікке – авт.), ауруға байланысты. Қалай түсінбейсіздер? Инфекция мемлекеттің бақылауында емес. Кейбір жылдары көп болды, кейбір жылдары аз болды. Ол инфекция аяқталмайды. Жыл сайын болатын инфекция. Азаяды деп айта алмаймыз, ол инфекция адамдар арасында таратылады», - деді Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен басасөз мәслихатында.
Ол жаппай вакциналаудың қажеті жоғын, одан да ауруды жұқтырмау шараларын жүргізу маңызды екенін айтты.
«Ауыл болса да, қала болса да алдын алу шараларын қабылдау керек. Балаларға, студенттерге, басқа адамдарға халық жиналатын орындарға бару қауіпті. Біздің инфекционист дәрігерлер осындай кеңес беріп жатыр», - деді Біртанов.
Еске сала кетсек, биыл жыл басынан бері елімізде 58 менингит жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның 12-сі өліммен аяқталған.
«Жыл басынан бастап 58 науқас менингитпен тіркелді. Олардың арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы 58 науқастың арасында жыл басынан бастап 12 жағдай өліммен аяқталды. Басқа жылдармен салыстырғанда 2015 жылды 400 науқас, 2016 жылы 160 науқас, 2017 жылы 62 науқас осы жұқпамен ауырса, соның ішінде 2015 жылы 21 адам, 2016 жылы 7 адам, 2017 жылы 11 адам көз жұмған. Біртановтың айтуынша, республика бойынша жаппай карантин жариялаудың және инфекцияға қарсы вакциналаудың қажеті жоқ.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!