Біртанов Қазақстандағы әйелдердің 70% ғана дені сау екенін айтты - Ұлт саулығы|17 Шілде 2018, 15:11
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Біртанов Қазақстандағы әйелдердің 70% ғана дені сау екенін айтты

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы әйелдер арасында жүктілік кезінде және босанғаннан кейін өлім жағдайы неліктен көбейгенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Біртановтың айтуынша, Қазақстанда әйелдер денсаулығының индексі 70%-ті құрайды, яғни жүкті әйелдердің 70%-інің ғана дені сау, ауру-сырқаусыз.

«Өңірлерде ана өлімі жағдайы көбейіп отыр. Мысалы, Қызылорда облысында былтыр бірде-бір жағдай тіркелмесе, биыл жыл басынан бері екі жағдай тіркелді. Әрбір ана өлімінің жағдайына қатысты міндетті түрде сараптама өтеді. Соңғы төрт жағдайдың бәрі екі айдың ішінде болғаннан кейін өте көп ақпарат жинап, дұрыс сараптама жасауды тапсырдым. Жақында комитеттің басшысы Бекшин ерекше конференция береді. Ақпаратты жеткізеді», - деді Біртанов.

Сондай-ақ, бүгінде Денсаулық сақтау минитсрлігінің тарапында нормативтік-құқықтық акт бойынша арнайы стандарт бар, ол акушерлік және гинекологиялық көмек стандарты. Сол нормативтік акт бойынша, министрлік бұйрығының негізінде әрбір ана және бала өлімі жағдайында міндетті түрде арнайы стандартталған тексеріс, зерттеу жұмысы өткізіледі.

«Солардың нәтижелері бойынша қажетті әкімшілік немесе басқа іс-шаралар қабылданады. Мысалы, кейбір жағдайда расында осындай ұйымдастыру жағынан мәселе бойынша тікелей медицина мекемелері мен жергілікті әкімшіліктерге тапсырма береміз. Біздің денсаулық сақтау деңгейінде ана мен бала өлімі санын төмендетуге арналған арнайы республикалық комиссия болады. Мысалы, вице-министр басқаратын комиссияның жарты жылда он отырысы өткен. Бүкіл жағдай комиссия деңгейінде қаралады», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Мекеме басшысы Қазақстанда күн сайын 400-ге дейін босану жағдайы тіркелетінін айтты. Елдегі дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігі өте жоғары деп сенім білдірді. Министрлік тарапынан қажетті көмектер беріліп жатса да дәрігерлердің қателегі ғана емес, басқа да себептерге байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша көз жұмған науқастардың арасында көпшілігі созылмалы аурулармен ауырған. Елімізде күн сайын 300-400 нәресте дүниеге келгені қуантады, дегенмен ана өлімі азаймай отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер