BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл тұмауға шалдығу деңгейі төмендеді – Бекшин 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Екпеден бас тарту бүгін қалыптасып отырған жағдай емес. Көбіне, 1 жасқа дейінгі балалардың қызылшамен ауруы тіркеліп отыр. Вакцина жасалуы тиіс мерзімге жетпестен, олар ауырып үлгеруде. Себебі, ол анасының құрсағында жатқан кезде қажетті иммунитетті алмаған. Ендеше, оның анасы кезінде екпе алмаған. Бұл жиі жағдайда 90 жылдардың кезіне сәйкес келіп отыр. Қиын кезең. Вакцина тапшылығы болған. Қазір соның салдары балаға тиіп жатыр. Кей адамдар діни көзқараспен, кейбірі жеке тұсінігі бойынша екпеден бас тартып жатады. Біз жекелеп жұмыс жүргізетінімізге қарамастан, жыл сайын 4-4,5 мыңға жуық адам епкеден бас тартады. Алайда, осы жылы сол 4,5 мың адамның тең жартысы екпе алу туралы шешім қабылдаған», - деді Бекшин.

Сондай-ақ, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Қазақстанда тұмау мен өткір респираторлық вирустық инфекцияның екінші толқыны қашан болатынын айтты.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда тұмаудың зертханалық расталған 44 жағдайы тіркелді. Соның ішінде, Астана мен Алматы қалаларында басым. Әзірше бұл жұқпалы аурулар маусымдық кезеңге сәйкес орын алып отыр. Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда ауруға шалдығу көрсеткіші биыл 8 процентке төмен. Тұмау мен өткір респираторлық вирустық инфекцияның екінші толқыны қаңтар айының ортасында болады деген болжам бар», - деді Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, Бекшин атыраулық екі азаматтың балықтан улануына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер