BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Биыл денеге бөгде зат енуі салдарынан 275 адам қаза болған

Фото: belriem.org

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде 1532 адам «Бөгде дененің табиғи тесіктер арқылы енуінің салдары» диагнозымен емделіп, 275 адам денеге бөгде зат енуі салдарынан қаза болған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова айтты.

2018 жылдың 10 айында Қазақстан бойынша 1532 адам «Бөгде дененің табиғи тесіктер арқылы енуінің салдары» диагнозымен емделген. Емделгендердің ішінде 1078 адам 0-14 жас аралығында, 23 адам 15-17 жас аралығында және 431 адам 18 жастан жоғары болған. Осы диагноз бойынша емделгендер саны бойынша Астана қаласы (235 адам), Алматы қаласы (171 адам), Қарағанды қаласы (132 адам) және Шығыс Қазақстан облысы (119 адам) көш бастап тұр.

Ағзаға кірген бөгде затсалдарынан көм жұмғандар да бар.

2018 жылғы 9 айдың көрсеткіші бойынша бөгде зат салдарынан көз жұмғандар саны – 275 адам. Оның ішінде Алматы облысында 80 адам, Шығыс Қазақстан облысында 46 адам, Алматы қаласында 26 адам, ал Жамбыл облысында 19 адам ағзасына бөгде зат кіру салдарынан көз жұмған.

Бұған дейін Астана қаласындағы №2 Қалалық балалар ауруханасында жыл басынан бері балалардың ағзасынан тиын, ине, магнит, ойыншық және тағы да басқа ірілі-ұсақты 159 бөгде заттар шығарылғанын жазған болатынбыз.

Бас дәрігер Біржан Серікбекұлы балалар арасында осындай жағдайлар жиі кездесетінін айтқан.

«Бөгде заттар баланың ағзасына көбінесе құлақ, мұрын, ауыз арқылы түседі. Тыныс алу жолдары арқылы кірген зат мұрын ішінде, кеңірдекте, өкпе тінінде тұрып қалуы мүмкін. Ең қауіпті жер – көмей мен кеңірдек. Тез арада медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда бала ауа жетпегендіктен арада 1-2 минут өтпей-ақ көз жұмуы мүмкін», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер