BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл Астанада 1260 адамның бүйрегі мен несеп жолына ота жасалды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана қаласының қалалық урология орталығының базасында «Астаналық урология мектебі» өтті. Съезд шеңберінде хирургия бойынша шеберлік сабақтары өткізіліп, бірнеше операция жасалды.

Мектеп Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастамасымен әлемдік деңгейдегі сарапшы жетекші мамандары шақырылып, екіжақты әріптестік шеңберінде өткізілді.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, Астана қаласында урология бойынша 2085 адамға ота жасалған. Бұл туралы жоғары дәрежелі дәрігер, Астана қаласы денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс бас дәрігері Абдуғалымов Шерияз айтты.

«2085 адамның ішінде 1260 адамның бүйрегі мен несеп жолына, 138 адамның қуығына, 504 ер адамның жыныс мүшесіне, 183 адамның қуықалды безіне ота жасалды», - дейді ол.

Съезд шеңберінде лапароскопиялық өңірлік лимфодиссекцияның лапароскопиялық радикалдық простатэктомия, бүйрек ісігі ишемиясы бар-жоқ лапароскопиялық энуклеорезекция, миниперкутандық нефролитотрипсия, мульти мүмкіндік бойынша ота жасалды.

Ота KARL SPORZ фирмасының FULL HD IGG заманауи эндовидео хирургиялық кешенінде жасалды және мәжіліс залында тікелей эфирде көрсетілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер