Астана. 24 қыркүйек. Baq.kz – 2014 жылдың жарты жылында 1 161 172 астам адам, яғни 56%-ы қан айналымы жүйесі сырқаттарын анықтау үшін тексерістен өтті деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық салауатты өмір салтын құру мәселелері орталығының директоры Жәмила Баттақова.
«2008 жылы енгізілген Ұлттық скринингтік бағдарламасынан қан айналымы жүйесі сырқаттарын анықтау үшін жыл сайын шамамен 2 млн адам тексерістен өтеді. 2014 жылдың жарты жылында 1 161 172 астам адам қан айналымы жүйесі сырқаттарын анықтау үшін тексерістен өтті. Бұл жалпы жоспардың 56 пайызын құрайды. Тексерістен өткен адамдардың 5,5 пайызынан, яғни 68 955адамдарда жүректің ишемиялық сырқаттары мен артериалды гипертония анықталды», - дейді ол.
«Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде әлем бойынша Дүниежүзілік Жүрек Федерациясының бастамасымен дүниежүзілік жүрек күні аталып келеді.Осыған орай Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтеді», - дейді Ж.Батталова.
Оның айтуынша, осы онкүндік аясында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіліп, емханаларда ашық есік күндері мен скринингтік бағдарламалар ұйымдастырылмақ.
Ая ӨМІРТАЙ
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!