Барлық өңір онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі - Ұлт саулығы|26 Мамыр 2014, 19:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Барлық өңір онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі

Астана. 26 мамыр. Baq.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қатерлік ісік ауруларынан болатын өлімді азайту жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысы өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы С.Р.Мусинов төрағалық еткен кеңеске өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты. 

Жиында республикада жыл сайын 30 мыңнан астам қатерлі ісік аурулары анықталатыны, оның ішінде 53,6% ғана ерте сатысында анықталатыны айтылды. Жалпы бүгінгі таңда елімізде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың электрондық тізілімінде 146 мыңнан аса адам тіркелген.
Осыдан 2 жыл бұрын қабылданған онкологиялық көмекті дамытуға арналған салалық бағдарлама қазірде оң нәтижесін бере бастады. Бағдарламаның негізгі бағыттары: профилактикалық іс-шараларды жетілдіру, диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, онкологиялық қызметтің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.
Қазақстанда өңеш, асқазан, бауыр және еркектік безі обырларына жүргізілетін скринингтерге кезең-кезеңмен жыл сайын 6 өңірден қосылуда. Осылайша, 2016 жылы республиканың барлық өңірі онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда сүт безі обырының 85%, жатыр мойны обырының 95%, колоректальды обырдың 75% ерте сатысында анықталады. Бұл өз кезегінде жүргізілетін емнің тиімділігін арттырады.
Онкологиялық қызметтің 53 маманы шетелдердің озық онкологиялық орталықтарына барып, оқып қайтты. Халықаралық сарапшыларды шақырта отырып, шеберлік-сабақтары өткізіліп, 400-ден аса маман білімдерін толықтырды. Оған қоса, өңірлерде онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау мәселелері бойынша дәрігерлер оқытылуда. 2013 жылы 700-ден аса дәрігер оқытылса, биыл олардың саны 800-ден асады. Аудандық онкологтар саны 331-ге жеткізілді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Семейде Ядролық медицина орталығын ашу жоспарланып отыр. Онда Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі ретінде радионуклидті терапия енгізіледі.
Онкологиялық бағдарламада аудандық және қалалық емханаларда 101 арнайы кабинет ашу жоспарланған. 2013 жылы 138 маммологиялық және 21 практологиялық кабинет ашылды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер