Атырауда СПИД орталығы қолданысқа берілді - Ұлт саулығы|22 Қыркүйек 2014, 15:39
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырауда СПИД орталығы қолданысқа берілді

 Астана. 22 қыркүйек. Baq.kz – Атырауда еліміз бойынша алғаш рет барлық қажет қондырғылармен жабдықталған СПИД орталығы қолданысқа берілді. Аймақта бүгінгі күнге дейін қауіпті дертті жұқтырған 135 адам тіркелген. Оның 98-і қазір ауруханада жатыр.

Бұл ауру түрін тек жыл басынан бері аймақта 12 адам жұқтырып үлгерген. Жаңадан салынған медициналық мекеме осы қатерлі дерттің алдын алу және ауруларды дер кезінде анықтаумен айналысатын болады. Аумағы төрт мың шаршы метрге жуық ғимаратты жергілікті мұнай компаниялары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жобасы аясында салып берді.

Гүлсім Дыржанова, СПИД орталығының бас дәрігері:
- Бұрын басқа қалалар: Орал, Ақтөбеге жіберетінбіз анализдерімізді. Қазір барлығын өзімізде айырамыз. Екі ИФ аппараты бар. Біреуі автоматты, екіншісі жартылай автоматты. Жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған, толықтай мүмкіндік бар.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер