Астаналық емханаларда «Дені сау ана дені сау сәби» айлығы басталды - Ұлт саулығы|17 Мамыр 2014, 13:52
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астаналық емханаларда «Дені сау ана дені сау сәби» айлығы басталды

Астана. 17 мамыр. Baq.kz – 15 маусымға дейін жүкті әйелдер, жас аналар мен олардың балалары «Дені сау ана дені сау сәби» айлығы аясында қалалық медициналық мекемелерде жоғары білікті мамандардан тегін консультация алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының ана мен баланы қорғау бөлімінен хабарлады. 

Сонымен қатар, практикалық сабақтар барысында елордалық дәрігерлер бала емізу принциптері туралы айтады, жас аналарға баланы бағып-күту, емізетін аналардың дұрыс тамақтануы мен балаларды шынықтыру бойынша, сондай-ақ механикалық асфиксия мен травматизмнің алдын алу туралы дәрістер оқиды. Отбасылық жұптар үшін отбасылық қарым-қатынас, баланың тууына дайындық және серіктеспен босанудың ерекшеліктері тақырыбында арнайы интерактивті оқыту сабақтары, әңгімелесу және тренингтер ұйымдастырылады.

Шаралар барлық қалалық емханаларда, «Демеу» оқыту-практикалық отбасылық медицина орталығында, №1 және №2 перинаталдық орталықтарда, №1 және №2 балалар ауруханаларында және қалалық перзентханада өтеді. Бір ай бойы тұрғындар тіркелген орны бойынша емханаға өзін мазалаған мәселе бойынша жүгіне алады.

Еске салайық, биыл Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғауға, қалалық педиатриялық қызметті жетілдіруге және балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге ерекше көңіл бөлетін болады. Қазіргі уақытта 2014-2017 жж арналған педиатрияны дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер