Астанадағы Жағалау-4 тұрғындары үшін жазда емхана ашылады  - Ұлт саулығы|28 Ақпан 2018, 15:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы Жағалау-4 тұрғындары үшін жазда емхана ашылады 

Фото: Astana.gov.kz

Жағалау-4 тұрғындары үшін жазда емхана ашылады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде халыққа есеп беру кездесуі барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кездесу барысында елордадағы «Жағалау-4» кешенінде қашан емхана пайда болады деген тұрғын сауалына қала басшысы жауап беріп, бұл мәселе әкімдік бақылауында екенін айтты.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген аталған ауданда көп азамат қоныстанған. Осы жексенбіде, мен сіздердің аудандарыңызда болдым. Ол жақта шағын өрт оқиғасы орын алған болатын. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде ол жақта шағын медициналық пункт ашылды. Қазір біз екі мәселені қарастырып жатырмыз. Біріншісі, Жағалауда жекеменшік емхана ашу жоспарлануда. Ол емхана сіздерге қызмет көрсетуі үшін біз оған мемлекеттік тапсырыс жасайтын боламыз. Екінші нұсқа, Сығанақ көшесінен оң жақта салынып жатқан үлкен үйлер тобы бар. Қазір, біз емхананы қайда орналастырған қолайлы екенін немесе екі шағын емхана ұйымдастырған дұрыс па, сол жағын қарастырып жатырмыз. Қайткенде де, осы жылы сіздердің үйлеріңіз үшін емхана мәселесі шешіледі, біз жаз мезгілінде деп жоспарлап отырмыз», - деген әкім Жағалаудағы басқа да құрылыс пен көріктендіру жұмыстары қар еріген соң шешімін табады деп уәде етті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер