BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.44 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Астанада онкологиялық орталықтың құрылысы басталады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде министр Елжан Біртановтың төрағалығымен Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобының отырысы өтті.

Осы орталықтың құрылысы 2019 жылы басталатын болады.

Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қажетті ұйымдастырушылық-дайындық іс-шараларын бастап кетті.

Мәселен, Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге шарт жасалды.

Жұмыс тобында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру бойынша жол картасын іске асыру мәселесі, жобалауға арналған техникалық тапсырма, болашақ орталықтың құрылымы талқыланды.

Орталық сәулелік және протондық терапияны көрсету үшін қазіргі заманғы диагностикалау және емдеу жабдықтарымен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тиімді моделін қолдана отырып, жарақталатын болады.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта жыл сайын стационарлық көмек көрсету жағдайында шамамен 6000 пациент және амбулаториялық көмек көрсету жағдайында 30 000 аса пациент жоғары технологиялық медициналық қызметті қолдана отырып, медициналық көмек алатын болады. Қазіргі заманғы сәулелік терапия 4000 пациентке көрсетілетін болады. 10000 аса пациент ядролық медицинаны қолдана отырып, онкологиялық сырқаттарды диагностикалау және емдеу мүмкіндігін алады.

Жаңа орталықты құру жөніндегі жұмыс әлемдік жетекші онкологиялық орталықтар қатарынан стратегиялық әріптестермен, Назарбаев Университетінің Ғылым және өмір орталығымен тығыз ынтымақтастықта, сондай-ақ халықаралық және отандық срапшыларды тарта отырып, жүзеге асырылатын болады.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру жөніндегі жұмысты Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауларын іске асыру мақсатында жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер