Астана. 26 ақпан. Baq.kz – Астанаданың №2 қалалық ауруханасында жүрек ишемиялық ауруы бар науқастарды жүрегі соғып тұрған сәтінде артериялық шунттеу әдісі арқылы емдеу кең қолданыс тауып келеді.
Астана. 26 ақпан. Baq.kz – Астанаданың №2 қалалық ауруханасында жүрек ишемиялық ауруы бар науқастарды жүрегі соғып тұрған сәтінде артериялық шунттеу әдісі арқылы емдеу кең қолданыс тауып келеді.
Коронарлық артериялардың атеросклерозы және жүректің ишемиялық ауруы дамыған елдерде жиі адамдардың өліміне және мүгедек болып қалуына себеп болады. Жыл сайын дүниежүзінде жүрек-қан тамырлары ауруларынан 17 млн адам көз жұмады.
№2 қалалық ауруханасында маммар-коронарлы шунттеу деп аталатын әдіс 2013 жылдың қараша айында енгізілген екен. Осы уақытқа дейін 30 ота сәтті жасалған. Бұл операцияның ерекшелігі - жасанды қан айналымы құрылғысын қолданбай, соғып тұрған жүрекке жасалуында дейді денсаулық сақтау саласының мамандары.
Анығырақ айтар болсақ, шунттеу әдісі кезінде жүрек артериясының зақымдалған тұсы ішкі кеуде артериясы арқылы «айналып өтеді». Осылайша, миокардтың ишемиялық тұсының қан айналымы қалпына келтіріледі.
Бұл әдістің артықшылығы - науқастардың тез аяққа тұрып кетуі, операциядан кейінгі асқыну жағдайларының қаупі төмендеуінде. Нәтижесінде жүректің сол жақ қарыншасының қызметі жақсарады, стенокардияның, миокард инфарктісінің, жүрек жеткіліксіздігінің, коронарлық араласудың қайталану қаупі азаяды. Және болмағанда бір маммарлық шунты бар науқастың тірі қалу мүмкіндігі жоғары.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!