Астана. 26 қыркүйек. Baq.kz – Астанада Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіретін «Республикалық балаларды сауықтыру орталығы» АҚ базасында FEMTEC Сумен емдеу және климатпен емдеудің Дүниежүзілік Федерациясының 67-ші Конгрессі өз жұмысын бастады.
Сумен емдеу және климатпен емдеу бағытындағы халықаралық көлемдегі конгресс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен мақұлданды. Конгресстің бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Конгресстің мақсаты шипажай ісін, медициналық туризмді дамыту, реабилитология мен курортологиядан зерттеулердің нәтижелерімен алмасу, FEMTEC-ке мүше мемлекеттердің сулы және климаттық шипажайларын әйгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Конгресстің міндеті шетелдік әлеуетті туристерді отандық санаторийлер мен шипажайлардың емдеу және климаттық ерекшеліктерімен таныстыру және медициналық туристерді тарту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.
Конгресс аясында FEMTEC мүшелері курортология саласында қазақстандық мамандарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді, «Бурабай» шипажай аймағын дамыту жолдарын белгілейді.
Конгресске әлемнің 22 мемлекетінің курорт басшылары, қалпына келтіру медицинасы мен курортология саласындағы ғалымдар мен мамандар, медициналық қондырғылар өндіруші фирмалар, денсаулық сақтау, туристік бизнес пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, медициналық ұйымдардың жетекшілері қатысуда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!