«Астана Таңдауы» байқауы үздік дәрігерді анықтайды - Ұлт саулығы|19 Мамыр 2014, 17:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Астана Таңдауы» байқауы үздік дәрігерді анықтайды

Астана. 19 мамыр. Baq.kz – Астанада үздіктерді іздеу жалғасуда. «Астана Тандауы» байқауы қала тұрғындарына әр мамандық бойынша майталмандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Емделушілер, оқушылар немесе жай әріптестер байқауға қатысушылар туралы өтініштер беруді белсенді жалғастырып жатыр. Мұнымен қоса, қызықты оқиғалар да баршылық. Мысалы, өткен жылы «Астана Таңдауы» байқауына қатысуға 213 шала туған баланың өмірін сақтап қалған дәрігер ұсынылды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.

 

Елорда тұрғындары күн сайын әкімдіктің www.astana.gov.kz ресми сайтына өздерінің өтініштерін жолдайды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Гүлмира Нұртазинаның анкетасында балалар инфекционистінің баға жетпес еңбегі сипатталған. Бұл біздің назарымызды бірден аударды. Гүлмира Нұртазина медицина саласында 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. 2008 жылы Астана қаласының балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ішек аурулары бөлімінің дәрігер ординаторы қызметін атқарды. 2009 жылы №2 ішек аурулары бөлімінің меңгерушісі болды. Г.Нұртазинаны жобаға қатысуға бас дәрігердің медицина жұмыстары жөніндегі орынбасары Сәуле Кенжебаева ұсынып отыр.

 

««Астана Тандауы» байқауы өте маңызды байқау, - дейді Сәуле Кенжебаева. Өмірде жалғыз емеспіз. Бәрімізге де басқа адамның жанымызда болғаны, басқа мамандықтар қажет, мысалы, егін егіп, киім тігетіндер. Барлық мамандықтар қажет және оларды құрметтеу керек. Бірақ менің ақ халатты абзал жандарға алғыс білдіргім келеді. Олар әрқашан да денсаулық үшін күресіп, мейірбандық танытады. Біздің дәрігерлердің арқасында жүздеген адам ажалдан аман қалып, мыңдаған емделуші дертінен жазылды».

 

«Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы балалар жұқпалы ауруларын емдеуге және олардың алдын алуға елеулі үлес қосып келеді. Кез-келген аурухананың қызметі бір ғана дәрігерге байланысты. Бұл маман кәсіпқой дәрігерлердің басын қосып, науқастарды бәрі бірге емдейді. Емделушілерге дәрігерлердің көмегі қажет, кейде жай жылы сөздің өзі де жеткілікті», - дейді Сәуле Кенжебаева.

 

Әр дәрігердің тәжірибесі болады, ал адам өмірін, әсіресе баланың өмірін сақтап қалған әрбір жағдайды ерекше деуге болады. Гүлмира Ғұсмаулемовнаның еңбек жолында 2003-2004 жж менингитг ошағы, полиомиелитке күдіктенген полирадикулоневриттің 8 жағдайы болды.

 

«Батыл іс-әрекеттерге тек адал, жанкешті, жоғары білікті жандар ғана қабілетті. Гүлмира Нұртазина Медицина институтында оқуын тәмамдап, дәрігер атанып, Гиппократ антын қабылдады, оны өмірінің мәні деп ұқты. Дәрігер көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын созып жүр», - дейді Сәуле Кенжебаева.

 

Еске салайық, «Астана Таңдауы» байқауының мақсаты қала тұрғындарының пікірінше үздіктерді, атап айтқанда, педагог, қоғамдық көлік жүргізушісі, учаскелік инспектор, дәрігер, энергетик, жол жөндеуші мен құрылысшыны анықтау болып табылады. «Астана Таңдауы» байқауына қатысушыларды Астана қаласының кез-келген тұрғыны ұсына алады. www.astana.gov.kz сайтында өтініштерді қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер