BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Астан уланғандар саны азаймай тұр – маман

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматыда 410 ішек инфекциясы ауруы оқиғасы тіркелді, оның 300-ге жуығы екі жасқа дейінгі балалар арасында кездесті. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдагасимова брифинг барысында айтты.

Департамент басшысының айтуынша, балалардың улануына тамақтандыру кезіндегі аналарының жеке бас гигиенасын сақтамауы болып отыр.

«Баланы қоректендіруге арналған қоспаларды дұрыс дайындамау, азық-түліктің дұрыс сақталмауы және дұрыс тамақтандырмау факторы да баланың ішек қабынуы ауруына әкеп соқтырады. Мәселен, желтоқсан айында 3 айлық сәби ішек қабынуы ауруымен түсті. Тексеріс барысында 3 күн пойызда жүрген анасының өзі жеке бас гигиенасын сақтамағаны белгілі болды. Ол әрине бірден баланың денсаулығына әсер екен. Сондай-ақ инфекциялық ауруханаға түскен 7 айлық баланың жағдайын тексеру кезінде де, оған жылы жерде тұрып қалған иогурт қоспасын бергені анықталды. Соның салдарынан ол уланып қалған», -дейді ол.

Сондай-ақ ол адамдардың улануына азық-түліктің әсері көп екенін, әсіресе жұмыртқа, сиыр еті, тауық етінен болатынын жеткізді.

«Уланғандардың 67 пайызына базардан алған өнімдер себеп болған, тағы 20% астамы көше бойындағы жабайы тамақтану орындарынан ас ішкен. Сонымен қатар, үйде әзірленетін астан да улану фактісі көп, тұрғындар ас әзірлеуде, азықты сақтауда немқұрайлық танытуда», -дейді А. Молдагасимова.

Оның айтуынша, халық азық-түлікті әлі де жабайы базардан алуға құмар, тіптен шыққан күні көрсетілмеген консервілерді де пайдалануда.

«Жаңа жыл алдында мерекелік дастарханда көп қойылатын 170 азық өніміне сараптамадан өткіздік, оның қатарында сүт өнімдері, балық, кондитерлік өнімдер бар. Сараптама нәтижесінде олардың 37% қауіпсіздік ережесіне сай болмай шықты. Кондитерлік өнімдерден «Корочка ряба», сүт өнімінен «Виски шотландия», балық, тауық еті, сонымен қатар көпшілігіміз жақсы көретін сендвич пен донерлер де қауіпсіздік көрсеткішіне сай келмеді», -деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер