«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты Астана қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі мәселесін талқыға салу. Елордада осы бағытта соңғы жылдары біраз жұмыс жасалуда. Әсет Өрентайұлы (Астана қаласының әкімі – автор) осы жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып кетті. Ауыз толтырып айтатын жетістіктер де жоқ емес. Сонымен қатар, жасалуы қажет жұмыстар да бар екені белгілі», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Астана қаласы әкімдігінде өтіп жатқан жиында.
Осы орайда Мәулен Әшімбаев Астана қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы, мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаладағы инфрақұрылымның қолжетімділігін әрі қарай арттыра беруі қажеттігін атап өтті.
«Астана соңғы жылдары қарқынды дамып, өркендеуде. 20 жылда қалада зәулім-зәулім ғимараттар салынып, инфрақұрылым жүргізілді. Біраз әлеуметтік нысандар тұрғызылып жатыр. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Астанада тиісті жағдай жасалып, елорда басқа өңірлерге үлгі болуы қажет. Елордада жасалған жұмыстарды басқа өңірлер пайдаланса, нұр үстіне нұр болар еді», - деп түйіндеді сөзін ол.
Айта кетейік, Астана қаласының әкімдігінде шаһардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін арттыру тақырыбында арнайы жиын өтуде. Оған қала әкімі Әсет Исекешев, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» атқарушы директоры Мәдина Ибрагимова, «ДОС» тәуелсіз өмір» мүгедектер орталығы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Қарлығаш Танабекова, ELAMAN әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы Алмаз Ержан қатысуда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!