Жеке медицина мекемелер санының артуы бәсекені арттырып, дәрігерлерге жақсы жалақы төлеу мүмкіндігін береді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Жеке медицина мекемелер санының артуы бәсекені арттырып, дәрігерлерге жақсы жалақы төлеу мүмкіндігін береді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қала әкімі медицина саласында сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
«Биыл жалпы аумағы 115 мың га қосымша 9 саябақ пен парк саламыз. Қазір қаладағы парктердің бәрінде веложолдар болады. Бұқаралық спортпен айналысу өмір сапасын арттырады және адамдар аз ауыратын болады», - деді Исекешев.
Ол сонда да адамдардың ауыруы тыйылмайтынын, балалар дүниеге келе беретінін айтты.
«Сол себепті емханаларда медицина қызметінің сапасын арттыру жәй міндет болып отырған жоқ. Астанада 250 медицина мекемесінің 200-і жеке меншікте және олардың саны артып келеді. Биыл да жеке емханалар мен медицина орталықтары ашылады. Бұл бәсекені жақсартатын, дәрігерлерге жақсы жалақы төлеу мүмкіндігін беретін қалыпты процесс. Бірақ біз барлық тұрғындарымызды сапалы қызметпен қамтамасыз етуге тиіспіз. Сол себепті біз үшін бұл саланы қалай дұрыс реттеп, қадағалау керек деген сұрақтармен жаңа сын-тегеурінге айналып отыр. Сол себепті бұған ерекше назар аударамыз», - деді Астана қаласының әкімі медициналық қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелері бойынша өткен республикалық семинар-кеңесте.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!