Астана. 29 қыркүйек. Baq.kz - Қазақстандық дәрігерлер мен ЖОО педагогтары БЦП сырқаттанатын балаларды оңалтудың еуропалық стандарттарымен танысатын болады. Алматыда өтетін шеберлік сыныбын Голландияның «Via Reva Via» жетекші ғылыми орталығының балалар физиотерапевт-дәрігері Ситсе ван дер Меер өткізбек.
Голландияның жетекші ғылыми орталықтарынан семинарларды өткізу мен оқытуда практикалық және ғылыми тәжірибелері мол, жоғары білікті мамандарды тарта отырып, «Церебралды параличі бар балаларға оңалту шараларын жүргізудің заманауи аспектілері» атты шеберлік сыныбын өткізудің мақсаты заманауи теориялық білімді меңгеру және патологиялық өзгерістер диагностикасы мен клиникалық талдау жасауда тыңдаушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру, БЦП бар балалардың жүріс-тұрысын түзетуге практикалық көмек көрсету болып табылады дейді ұйымдастырушылар.
Шетелдік мамандардың қатысуымен өтетін шеберлік сыныбының бастамашылары мен белсенді қатысушылары: ҚР Денсаулық сақтау және әлекметтік даму министрлігі, ҚазМҮББУ медициналық оңалту және спорт медицинасы кафедрасының қызметкерлері. Шеберлік сыныбына медициналық оңалту саласындағы қазақстандық мамандар қатыса алады.
Шеберлік сыныбы барысында бөлім емделушілеріне физикалық манипуляциялар жүргізу үшін олардың ата-аналарының рұқсаты мен келісімін ала отырып, шақырылған профессорлардың кеңестері мен тексерулерін өткізу жоспарланған.
Шеберлік сыныбы қыркүйектің 29-ы мен қазан айының 3-не дейін Алматы қаласы, «САТР» мед.орталығында өтпек.
Ая ӨМІРТАЙ
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!