Алматыда ана мен бала өлімі төмендеген - Г.Әбдіхалықова - Ұлт саулығы|20 Қыркүйек 2014, 14:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда ана мен бала өлімі төмендеген - Г.Әбдіхалықова

Астана. 20 қыркүйек. Baq.kz – Бүгін арнайы іс-сапармен Алматы қаласына келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова тұрғындармен кездесіп, бірнеше нысанды аралап шықты. 

"Бүгінде еліміздегі ең ірі қалада (Алматы - авт) 1,5 миллион халық бар, бұл Қазақстан тұрғындарының 8,8 пайызы. Қала аумағына жаңа елдімекендердің қосылуына байланысты халық саны тағы 150 адамға артты. Оның үстіне өзге өңірлердің тұрғындары Алматыға сапалы медициналық көмек іздеп келеді. Бұл факторлардың барлығы денсаулық сақтау саласының сапасына тікелей әсерін тигізетінін ұмытпау керек. Бүгінгі таңда Алматыда ана мен бала өлімінің көрсеткіші бүкіл Қазақстандағы секілді төмендеп отыр. Туберкулезден қайтыс болатындардың да саны азайған" деді вице-премьер.
Ол қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының арасында міндетті түрде бәсекелестікті арттыру керектігін айтты.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер