BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде 27 оқушыдан туберкулез белгілері анықталды

Астана, BAQ.KZ. Биыл Ақтөбе облысында орта арнаулы және жоғары оқу орындарының 29 студенті мен 27 мектеп оқушысынан туберкулез белгілері анықталды. Дегенмен 2018 жылы туберкулез аурушаңдығы балалар арасында 39,3, жасөспірімдер арасында 21,7 пайызға төмендеді. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Эпидемиологтар Ақтөбеде туберкулезге шалдыққандар саны жыл сайын азайып келе жатқанын айтты. Биыл ауру көрсеткіші 12,1 пайызға төмендеді. Оның 39,3 пайызы балалар, 21,7 пайызы жасөспірімдер арасында.

«Биыл орта және жоғары оқу орындарының студенттері арасында 29, мектеп оқушылары арасында 27 жағдай тіркелді. Сауықтыру мақсатында барлық ауданда арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Балалар арасында туберкулезді ерте анықтау үшін 121 мыңнан астам манту сынамасы берілді. Жаңа туған 17 447 бала, 10 мыңға жуық 1 сынып оқушысы БЦЖ екпесін алды», - деді Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер