АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі Қазақстандағы қызметін аяқтады - Ұлт саулығы|25 Қыркүйек 2014, 10:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі Қазақстандағы қызметін аяқтады

 Астана. 25 қыркүйек. Baq.kz –USAID ұйымының Қазақстандағы ана мен бала денсаулығы және отбасын жоспарлау бағдарламасы аяқталды деп хабарлайды USAID жобасының Қазақстандағы менеджері Елизавета Мыглина.

 Ана мен бала денсаулығы, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау бойынша Қазақстанда бес жыл сәтті жұмыс атқарған АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) өз қызметін тәмамдады.
«Сапалы денсаулық сақтау» атты USAID жобасы тұтас Орталық Азия тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналған жергілікті билік органдары мен серіктес-орындаушылардың бірлескен жұмысы аясындағы құны 56 млн АҚШ долларына шақ бесжылдық аймақтық бастама.
-Бағдарлама барлық аймақтағы денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы реформаларына ғылыми негізделген халықаралық тәжірибелер мен сапаны арттырудың заманауи тәсілдерін енгізуді көздейді. Аталмыш бастамалар Орталық Азия елдеріне туберкулез, АИВ/ЖИТС, ана мен бала денсаулығы, сонымен қатар жүрек-қантамыр ауруларына байланысты басқаруды жетілдіру, медициналық қызметтерді қаржыландыру мен жүзеге асыру бойынша септігін тигізіп келді дейді.
2004 жылдан бері Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 65% төмендеді. Жаңа туған балалардың өлімі 2008 жылдан бері 60% азайды. Сонымен бірге, соңғы жылдары отбасын жоспарлау тәжірибесін қолдану жиілігі 10%-дан 50%-ға көбейген. 2007 жылдан бері USAID бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін республика бойынша алғашқы медициналық-санитарлы көмек көрсетуде тағы 500 дәрігер дайындаған ұлттық деңгейдегі 48 нұсқаушысы бар команданы есептегенде 2000-нан астам медицина қызметкерлері оқытылды. Сонымен бірге USAID пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің табысты ынтымақтастығы денсаулық сақтауды дамыту саласында діттеген мақсаттарды енсеруде Қазақстанның үлкен табыстарға жетуіне ықпал етті дейді хабарлайды USAID жобасының Қазақстандағы менеджері Елизавета Мыглина.

USAID 1992 жылдан бері тұтас Орта Азиядағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасы, оны басқару, экономикалық өсімін арттыру бойынша жұмыстарды қолдауда және осы шараларға 500 млн АҚШ долларын бөлді. Бағдарлама жайлы және Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі жұмыс туралы толық ақпаратты www.usaid.gov. сайтынан ала аласыздар. АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі арқылы 50 жылдан астам уақыт бойы американдықтар бүкіл әлем бойынша экономикалық және гуманитарлық көмектерін ұсынуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер