Аймақтағы емханалардың бәсекелестігін арттыру керек - Ұлт саулығы|22 Қыркүйек 2014, 11:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Аймақтағы емханалардың бәсекелестігін арттыру керек

 Астана. 22 қыркүйек. Baq.kz – Медициналық қызмет сапасы төмендемеуін үшін, аймақтық денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіхалықова. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына арнайы келіп, онкологтармен өткізген кездесу барысында мәлім етті.

 «Қазір халық сапалы медициналық көмек алу үшін Алматыға келеді. Бірақ қалаға өзге аймақтардан келетіндер саны күн санап артып жатыр. Бұдан соң, әрине, медициналық қызмет сапасын төмендейтіні белгілі. Сол үшін аймақтық денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет», - деді Г.Әбдіхалықова.

Онкологиялық қызметті арттыру мен дамыту салалық бағдарламасы мемлекеттік бағдарламалар арасында ең үздігі болып, діттеген мақсатына толығымен жеткенін айтты. Премьер-министр орынбасары бүгінгі таңда Алматыда, өзге облыстардағыдай ана және бала өлімі, қатерлі дерттің, сондай-ақ, жалпы аумақтың өлім-жітім көрсеткіші бұрынғыдай қалыпты деңгейде тұрғанын да атап өтті.
Ал ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2011-2015 жылдары денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының екінші кезеңі бойынша жаңа міндеттерді алға қойып, тапсырмалар берді. Медициналық көмек көрсету сапасын арттырып, аурудың алдын алу, мамандар тапшылығын шешу проблемасы да министрдің назарынан тыс қалмады. Ол үшін оқу орнын аяқтап, жаңадан келген жас маманды жұмысқа қабылдау кезінде оларға жоғары талап қою қажеттілігі айтылды. Алдағы уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамытуға баса назар аударылатын болады. Сөз соңын министр «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты еліміздегі барлық онкологиялық қызметті қадағалап, оларды бір-бірімен байланыстырып, жұмысын үйлестіріп отыруы қажет» деп түйіндеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер