Астана. 16 мамыр. Baq.kz – Еліміздің барлық медициналық колледжінде оқитын мейіргерлердің теориямен бірге, тәжірибе жүзінде өз ісін меңгеріп шығуы үшін әрбір оқу орны 51 миллион теңгеге жаңадан манекен сатып алынған. Бұл туралы бүгiн Маңғыстау облысы медицина колледжiнiң директоры Төлеубек Тұрарбеков хабарлады.
Бүгін Астанада «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуде мейiргер қызметнiң рөлi» атты республикалық конференция бастау алды. Елордаға еліміздің түкпір-түкпірінен мейірбикелер жиналып отыр. Осы жиынға ат салысқалы келген мамандардың бірі Маңғыстау облысы медицина колледжiнiң директоры Төлеубек Тұрарбеков.
«Медбикелер дәрiгерге дейiн бiлiктi көмек көрсетуі тиіс. Оларға артылған жауапкершілік мол. Сондықтан, заманға сай бiлікті мамандарды даярлауымыз керек. Мейiрбикелердi даярлауда тәжiрибеге ерекше көңiл бөлiнедi. Теориядан гөрi, практика назар аударамыз. 16 аймақтағы әр медициналық колледждерге 51 миллион теңге көлемiнде жаңадан манекен алынған. Бұл тәжірибе жүзінде дайын болып баруға, көмек дәрежесiн арттыруға көмек бередi. Үш жыл оқуда әрбір цикл сайын практикаға барады. Оқудың жетпіс пайызы тәжірибе жүзінде өтіледі», - дедi колледж директоры.
Сондай-ақ, Төлеубек Тұрарбеков мейіргерлерлік іске көңіл бөлініп келе жатқанын, олардың жалақысының да бұрынғыға қарағанда едәуір өскенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда медбикелердiң орташа жалақысы 60 мың теңге. Ал, бұл мамандық сұранысқа ие.
«Жылына мемлекеттiк тапсырыспен 100 маман дайындаймыз. Әр учаскелiк дәрiгерде қазіргі талап бойынша 3 медбике болу керек. Сондықтан бұл мамандыққа сұраныс бар», - деді ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!