Астана. 3 наурыз. Baq.kz – Бүгін, 3 наурыздан бастап Астанадағы №2 қалалық ауруханада 11-12 жастағы қыздарды ерікті түрде адам паппиломасы вирусына қарсы тегін егу науқаны басталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Вакцинация аптаның жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-19.00 аралығында жүргізіледі. Егу курсы екпенің түріне қарай үш екпеден тұрады.
«Жатыр мойны обыры - 97% жағдайда науқас әйелдің ағзасында болатын адам паппиломасы вирусынан туындайтын және негізінен жыныстық жолмен берілетін жалғыз онкологиялық ауру болап табылады. Адам паппиломасы вирусынан толықтай ешбір контрацепция қорғай алмайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, адам паппиломасы вирусына қарсы егу жатыр обырының алдын алу және оның туындау қаупін төмендету мақсатында жүргізіледі. Адам паппиломасы вирусы 99,7% жағдайда жатыр мойны обыры дертіне шалдыққан адамдардан анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, адам папилломасы вирусын жұқтыру көп жағдайда 16-20 жастағы бойжеткендерде кездеседі екен.
Сондықтан, ел мамандары аталған ауруды жұқтыру жағдайларының жоғары көрсеткіштері жасөспірім қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы ерікті түрде екпе жасауды қажет деп тапты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!