Астана. 6 наурыз. Baq.kz – Елордада мереке күндері туылған нәрестелерді құттықтау игі дәстүрге айналғалы қашан?! Бұл үрдіс халықаралық әйелдер күні де өз жалғасын таппақ. Қаладағы босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелер қазірден бастап кішкентай сәбилер мен олардың аналарына арнап сый-сияпатын дайындап жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді.
«Құттықтау акциясы қалалық перзентханалар мен №1, №2 перинаталды орталықтарында өтеді. Біз дүниеге келетін нәрестелерге арнап балаларға арналған жиынтық дайындасақ, аналарына «Қуан, сәби» атты оқу құралы табыс етілмек»,- делінген ақпаратта.
Айта кету керек, былтырғы жылы наурыз айының алғашқы аптасында 246 сәби дүние есігін ашқан. Оның ішінде 114-і қыз бала болса, 132-сі ұл. Жалпы, 2013 жылы 18 мыңнан астам сәби туылған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!