Мемлекет қолдауының арқасында Көкшетау қаласында өмір жасын ұзарта алатын қасиеті бар қазақстандық жеңіл табиғи минералды су өндірісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет қолдауының арқасында Көкшетау қаласында өмір жасын ұзарта алатын қасиеті бар қазақстандық жеңіл табиғи минералды су өндірісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жобаның басты қолдаушысы – ҚР Ғылым қоры. Жеңіл су 2011 жылы ашылып, TURAN атты брендпен бутилденіп келді. Ендігі сәтте, барлық ғылыми дәлелді зерттеулерден өте келе, TURAN суы «жеңіл су» деп аталу құқығына және еліміздің барлық дүкендерінде жеңіл су ретінде максималды түрде жариялану мүмкіндігіне ие болды.
«Ғылым қоры» АҚ Басқармасының төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин: «Ғылым қоры әлеуметтік маңызы бар қазақстандық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік грант бөледі. Жобаны гранттық қаржыландыруға мақұлдау Ұлттық ғылыми кеңестің сарапшылары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша зерттегеннен кейін беріледі. Жеңіл су Қазақстан халқына судың максималды қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ журналисттер, дәрігерлер мен мұғалімдер арасында су туралы қажетті білім алу мүмкіндігін жоғарылату үшін грант бөлінді. Жобаның ғылыми, технологиялық және өнеркәсіптік тұрғыда қолдау алуын, кен орнының экологиясын Көкшетау минералды сулары қаржыландырады».
Жеңіл су» бұл – дейтерийдің (сутегінің ауыр изотопы) аз мөлшерлілігін көрсететін ғылыми термин. Жеңіл су адам ағзасына, жалпы тірі ағзаларға сауықтыру әсерін тигізе алатындығы және өмір жасын ұзарту, жасарту қасиеттеріне ие екендігі ғылыми дәлелденген. Әлемде жеңіл судың санаулы көздері бар, солардың бірі Қазақстанда орналасқан.
Қазақстандық TURAN табиғи «жеңіл» ауыз суы 2011 жылдан бері құйылып келеді, бірақ тек қазір ғана, көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылыми дәлелдер алынғаннан кейін ғана ол бүкіл мемлекетке, халыққа жеңіл, құрамында дейтерий мөлшері аз су ретінде кең ауқымда таралуда.
Қазақстандық TURAN табиғи минералды жеңіл суы «Бұқпа» учаскесінде «Құскөл» жерасты су кен орнынан табылды. Бұл жерлер қазіргі Бурабай курорты және Көкшетау қаласы бар Көкшетау қыратында орналасқан және сонау совет одағының гидрогеологтарымен өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ашылды. Мұз дәуірі кезінде, 15 мың жыл бұрын пайда болған көне мұздық арқылы көтерілетін TURAN ЖЕҢІЛ суы табиғи минералдарды өз бойына сіңіріп үлгереді.
Оның құрамы мен қасиеттері қазақстандық және халықаралық ғалымдар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, А.Н. Сысин атындағы адам экологиясы және экологиялық гигиена ғылыми-зерттеу институты бальнеология кафедрасы (Мәскеу қ.), Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық реабилитология және бальнеология ғылыми-зерттеу институты, Германияның SGS INSTITUT FRESENIUS еуропалық сапа институттарымен жіті зерттелген болатын. Зерттеу деректері бойынша Қазақстандағы табиғи судағы детерийдің мөлшері осы көзден 133 мг / л белгіленген нормалардан төмен. Салыстыру үшін, Антарктика мұздығындағы су (әлемдегі ең жеңіл су) құрамында 89 мг/л детерий бар, әлемдегі ең танымал табиғи ауыз судың брендтері құрамында 137-148 мг/л дейтерий бар.
«Жеңіл судың» метаболизмді қалыпқа келтіретіндігі, радиациядан қорғайтындығы, протеиндердің синтезі кезінде ДНҚ қателіктерінің санын азайтатындығы, ісік жасушаларының өсу қаупін азайтатындығы және қартаю процесін баяулататындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген. АҚШ федералдық қызметінің деректері бойынша, халықтың «жеңіл» суды тұрақты пайдалануы қант диабетін 38%, инсульт 37%, гипертония және миокард инфарктісін 22% азайтты. «Астана» Медициналық университетінің ағымдағы зерттеулеріне сәйкес, егер сіз күніне 1,5 литрде «жеңіл суды» ішсеңіз, ағзаңыздағы дейтерийдің деңгейі «жеңіл суға» дейін төмендейді.
Қазіргі кезде ҚР Ғылым қоры жүзден астам отандық жобаны қаржыландырып үлгерді, ол жобалардың ішінде халықтың денсаулығын айтарлықтай жақсартуға және өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін «жеңіл су» да бар.
ҚР Ғылым қорының мемлекеттік қолдауы ғылыми жобалардың зерттеулерінің нарыққа шығуына ықпал етеді. Грант алу құқығына ие болатын жобалар мынадай критерийлерге сәйкес келуі керек: ғылыми жаңалық, әлеуметтік маңызды, өмір сапасын жақсарту.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!