2014 жылға жоспарланған барлық денсаулық сақтау нысандары пайдалануға беріледі - Ұлт саулығы|13 Наурыз 2014, 16:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2014 жылға жоспарланған барлық денсаулық сақтау нысандары пайдалануға беріледі

Астана. 13 наурыз. Baq.kz - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің (ҰҮК) ХХІІ отырысы өтті деп хабарлайды ҚР ДСМ Баспасөз қызметі

 

Кеңесте «100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» жобаларын іске асыру барысы қаралды.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т.Төкежанов «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» жобасы бойынша 71 нысан құрылысы аяқталғанын жеткізді. 28 нысан құрылысы (22 нысан – республикалық бюджет есебінен, 6 нысан – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі арқылы) 2016 жылдың соңына дейін іске асыру көзделген.
«350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» жобасы бойынша 103 нысан құрылысы аяқталып, іске қосылды. 242 нысан құрылысын (99 нысан – республикалық бюджет есебінен, 126 нысан – жергілікті бюджет есебінен, 17 нысан – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі бойынша) 2016 жылдың соңына дейін іске асыру көзделген.
Жобалық-сметалық құжаттарға сапалы сараптама жасалмауы, нысандарды уақытында іске қоспауы, әкімдік комиссияларының құрылыс нысандарын сапасыз қабылдауы сияқты жүйелі мәселелердің болуына байланысты Ұлттық үйлестіру кеңесінде ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстары әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.
Ұлттық үйлестіру кеңесі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 2014 жылы іске қосу жоспарланған денсаулық сақтау нысандарын уақытылы пайдалануға беру, дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пунктер құрылысына жергілікті бюджеттен уақытылы қаржы бөлу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат игерілмеген жағдайда оның көлемін қысқарту немесе басқа басымды бағыттарға жұмсау тапсырылды.
ҚР Өңірлік даму министрлігіне жобалық-сметалық құжаттарға сапалы сараптама жасау бойынша шаралар қабылдау жүктелді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер