BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

С.Әбдіраимов: Астанада АИТВ инфекциясын 117 адам жұқтырған

Астана. 12 қараша. Baq.kz - Бұл туралы бүгін «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес» тақырыбында өткен отырыста Астана қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдіраимов мәлім етті.

«Жыл сайын желтоқсан айының басында Дүниежүзінің дәрігерлері жұқпалы иммунитет тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес күнін атап өтіп, оның алдын-алу, емдеу-сауықтыру ісіндегі әлемдік тың ізденістері мен іс-тәжірибелерін ортаға салады. Бүгінгі жиын әлемдік дерттің халыққа алдын-алу мен жұқтырып алмау тәсілдерін түсіндіру мақсатында өтіліп отыр. Бүгінде осынау дерт Астана қаласында алғаш рет 1997 жылы тіркелген болатын. Осы уақыттан бері бүгінге дейін үдемелі өсіммен алғанда 989 адам тіркеуге алынған. Оның 143 шетел азаматтары яғни Қазақстан азаматтығы жоқ тұлғалар. Тіркеуге алынғандар арасында 14 жасқа дейінгі 5 бала бар. Ал, 2013 жылғы есеп бойынша бұл дертке шалдыққан балалар тіркеуге алынбаған. Қала бойынша 2015 жылдың өткен он айында 117 адам аталмыш жұқпаны жұқтырғаны туралы тіркеуге алынып отыр. Бұл деген сөз қаламызда ай сайын 10, 11 тұрғын АИТВ дертіне шалдығатынын көрсетеді», деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда ЖИТС инфекциясын жұқтырғандарды анықтап, осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен жұмыс жүргізу керектігін айтты.

«Елімізде аурудың алдын алу үшін жұқтырғандарды дереу анықтап, осы ауруға жұқтыруға бейім топтармен шұғыл жұмыс жасау керек. Өйткені, аурулар кімдер? 77 пайызы – нашақорлар. Сонымен бірге секс-индустрия қызметкерлері. Сонан кейін 30 пайызы – түрмеде жатқандар. Жалпы, нашақорлар саны да ашық емес. Ол үшін олардың санын он есеге көбейту керек», деді С.Әбдіраимов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес айлығы деп жарияланды. Бүкіл әлем атап өтетін айлықта кампания Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып АИТВ инфекциясының алдын алу және іс-әрекет жоспарын орындау және қоғамның назарын анықтау мақсатында жұмыс жасайды.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер