BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

С.Әбдіраимов: АИТВ жұқтырған анадан дені сау нәресте дүниеге келуде

Астана. 12 қараша. Baq.kz - АИТВ жұқтырған анадан дені сау нәресте дүниеге келуде. Соңғы екі жылда осындай 13 бала дені сау екендігі анықталып есептен шығарылды. Бұл туралы бүгін «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес» тақырыбында өткен отырыста Астана қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдіраимов мәлім етті.

«Екі жылдың ішінде орталықта 40 бала аталмыш дертке шалдыққан. Оның 12-сі толық жазылып, есептен шығарылды. Алтауы басқа аймақтарға жіберілсе, біреуі қайтыс болды. Ал, қалғандары есепке алынып, ем қабылдауда. Айта кетейін, АИТВ дертінің анадан балаға берілуі дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаудан және диагноздің анықталған уақытына тікелей байланысты. Егер әйел арнайы дәрілерді ішпесе немесе мамандардың кеңесін тыңдамастан, баланы бауырына басса сәбидің бойынан аталмыш дерт анықталады. Сонымен қатар, кей жағдайда әйелдер жүкті болысымен бірден тіркеуге тұрмайды және дер кезінде тексерілмеуден бала ауру болып туылады», деді бас дәрігер.

Оның айтуынша, бұл жағдайда ана дұрыс ем қабылдаса, дәрігердің кеңесіне құлақ түретін болса дүниеге сау нәресте келуге мүмкіндік бар.

«Әйелдердің көбісі өз сәбилері үшін дәрігерлердің сөзіне құлақ асады. Кейде болашақ аналар қойылған диагнозға сенбейді, енді бірде жағдайына байланысты профилактикалық зерттеуден бас тартады. СПИД орталығының мамандары дәрілерді қабылдау маңыздылығын түсіндіру мақсатында әрдайым кеңес беруге дайын. Егер ана дер кезінде ем қабылдаса дүниеге дені сау бала туылады», - дейді С.Әбдіраймов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес айлығы деп жарияланды. Бүкіл әлем атап өтетін айлықта кампания Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып АИТВ инфекциясының алдын алу және іс-әрекет жоспарын орындау және қоғамның назарын анықтау мақсатында жұмыс жасайды.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер