BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дүниежүзінде АИТВ инфекциясынан 39 миллион адам көз жұмған

Астана. 5 қараша. Baq.kz – АИТВ инфекциясы ғаламдық қоғамдық денсаулық сақтау саласының басты мәселелерінің бірі болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қазіргі таңда АИТВ 39 миллион адамның өмірін жалмаған. 2014 жылы әлемде 1,2 (1,0–1,5) миллион адам адамдағы иммунтапшылығы вирусына байланысты себептерден қаза тапқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының алпыс сегізінші сессиясындағы (2015 ж. 18 мамырдағы) баяндамада сектораралық әрекет өмір бойы денсаулыққа қатысты, әсіресе темекі мен АИТВ/ЖИТС-қа қатысты нақты мәселелерді шешуде өз тиімділігін дәлелдеген. Олар әдетте мен ұйымдардың жедел қатысуы мен серіктестігін талап ететін төтенше жағдайларда жақсы нәтижелер көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласында сектораралық әрекет қажет, себебі медициналық-санитариялық нәтижелерге байланысты көптеген факторлар денсаулық сақтау саласына жатады. Оған көптеген аурулардың себептері, таралуы мен қауіпті факторлары, денсаулықтың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық детерминанттары жатады. Сектораралық әрекеттер денсаулықты сақтау мен денсаулық сақтау саласының жұмысын жандандырудың денсаулық сапасын және денсаулық сақтау саласындағы әділеттілікті арттыруда негізгі рөлді атқаратынын ескере отырып қамтамасыз ету қажет.

Айта кетейік, осыған орай республика өңірлерінде 2015 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне ұштастырылған айлық өткізіледі.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер