Астана. 8 ақпан. Baq.kz - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016 жылы елімізде экстракорпоралды ұрықтандыруға 800 квота бөліп, қызмет көрсететін медициналық орталықтардың тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті, «Астана ЭКОЛАЙФ» бедеулікті диагностикалау және емдеу клиникасының бас директоры Алмагүл Ахметова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстандықтар арасында бедеуліктің артып, репродуктивті денсаулықтарының нашарлауы соңғы жылдары белең алып келеді. Мұны ЭКҰ-ға жүгінетіндер санының артуынан байқауға болады. Нақтырақ айтсақ, соңғы 6 жылда мемлекеттік квота саны 8 есе артты – 2010 жылы 100 квота болса, 2016 жылы 800-ге дейін артты. Бұл ретте елімізге импортталатын қажетті дәрі-дәрмектер мен материалдардың қымбаттауына байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ЭКҰ қызметіне бөлетін қаражаты да едәуір артты», - дейді А.Ахметова.
Бұл мәселенің өзектілігін ескере отырып, ҚР ДСӘДМ рсепубликалық ЭКҰ квота бағдарламасына қатысушы медициналық клиникалар мен орталықтарға қойылатын талаптарды күшейтті.
Орталық басшылығының мәлімдеуінше, ЭКҰ құны АҚШ-та – 10 000$, Оңтүстік Кореяда – 5 000$, Ресейде – 3 000$, Қазақстанда – 2 500$. Бүгінгі күні ұлттық валютаның еркін айналымға шығарылғаннан кейін препараттар бағасының қымбаттауы салдарынан ЭКҰ қызметінің құны едәуір артқан.
ЭКҰ қызметіне жүгінетіндерге қойылатын талаптар:
- Еркектің белсіздігі – астеноолиготератозооспермияның емделмейтін 2-деңгейі.
- 20/у үлгісі ерлі-зайыптыларға бір жылда бір рет беріледі.
- Квота тек қазақстандық отбасыларға беріледі.
- Тексерілу және ЭКҰ-ға дайындық тегін медициналық көмекке кірмейді.
- Ұзақ жылдар бойы бала сүйе алмай жүрген отбасыларға басымдық беріледі.
Фото: babyzzz.ru
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!