BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жұмыссыз жастар жіті бақылауға алынады - Үкімет

Астана. 14 маусым. Baq.kz – Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов жұмыссыз жүрген жастардың мәселесін тездетіп шешуді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, бір айдың ішінде проблемалық жастармен жұмыс жасау жолдарын қайта қарап шығуы тиіс. Негізгі мақсат – ондай жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Бүгін Мемлекет басшысымен болған кездесу кезінде де осы мәселеге ерекше көңіл бөлінді. Ертең мен облыстарды аралауды бастаймын. Сол кезде барлық кездесулерде жастармен жұмыс жасау, сондай-ақ олардың жұмыспен қамту мәселесі бөлек қаралауы қажет.», - деді К.Мәсімов.

Айта кетейік, өткен жұмада өткен Қауіпсіздік кеңесінде Президент халықпен жұмыс жүргізу ісін түбегейлі жақсарту керектігін айтты. «Әрбір жұмыссыз адам біздің есебімізде болуға тиіс. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, әр адаммен жеке жұмыс жүргізіп, екі ай мерзім ішінде халықтың осы бөлігін жұмыспен қамту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс. Қажет жағдайда Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде бастамалар ұсыну керек» – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар стратегиялық маңызы бар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, екі айдың ішінде діни бірлестіктер, көші-қон, терроризм мен экстремизимге қарсы күрес шаралары, қару-жарақты сату және сақтау заңнамасы бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеу керек. Сондай-ақ қазақстандық ұйымдар мен жеке азаматтарды шетелден қаржыландыруды бақылау жүйесін енгізген жөн. Президенттің айтуынша, әскери нысандарды қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесін жіті бақылауда ұстап, әрбір адаммен жеке-дара жұмыс істеуді тапсырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер