BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жер реформасы комиссиясына А.Мырзахметов жетекшiлiк етедi

Фото: Азамат ӘЛИЕВ

Жер реформасы жөнiндегi комиссияға ендi Премьер-министрдiң орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов жетекшiлiк етедi. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысында белгiлi болды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Айта кетейiк, Асқар Мырзахметов Премьер-министр орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрi болып тағайындалған болатын.

«Бiзге ендi iштегi мiндеттердi қайта бөлу керек. Бақытжан Әбдiрұлы (Сағынтаев – авт.ескерпесi), ауыл шаруашылығы саласында сiз айналысқан мәселелердi қайта бөлу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сiз жетекшiлiк еткен Жер реформасы жөніндегі комиссия ендi Асқар Мырзахметовке беріледі. Сондықтан келесi отырысты бiрге өткiзiп, кейiн Мырзахметов жалғастырады. Сiздiң (Бақытжан Сағынтаев) тапсырмалар портфелiңiз үлкен, айналысатын жұмысыңыз бар», - дедi отырыста Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер