Жер қатынастары туралы заң біз қабылдаған хаттамаға 100% cәйкес келеді - Мұхтар Тайжан - Үкімет|07 Ақпан 2017, 11:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жер қатынастары туралы заң біз қабылдаған хаттамаға 100% cәйкес келеді - Мұхтар Тайжан

Жаңа жер қатынастары туралы заңда Жер комиссиясы мүшелерінің пікірі толығымен ескерілген. Бұл туралы Үкімет отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz. тілшісі.

«Бүгінгі талқыға салынатын заң жобасы ерекше маңызды деп білемін. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы бұл заң барлымызға ауыр тиді. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар қазақ халқының ділін, менталитетін түсінбей «жерді сатайық» деп шыға келді. Халық оған қарсы болып, мінезін көрсетті. Мұны Елбасы көріп түсінді. Ол арнайы комиссия құрды. Құрылған жер комиссиясы бұл мәселені бірнеше ай ақылдасып, талқылап 11 шешім қабылдады. Бүгінгі заң жобасы сол комиссияның шешімдері дайындалды», - деді ол.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі аталмыш заңда жер комиссиясы мүшелерінің пікірі толық ескерілгендігін атап өтті.

«Мен сол комиссияның құрамында жұмыс істедім. Кейін комиссияның осында отырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен бірге осы заң жобасын дайындық. Бұл жерде алғысымды білдіргім келеді. Үлкен күрделі жұмыс атқарылды. Заң бойынша біз қабылдаған хаттамаға 100% cәйкес келеді. Оған мен кепіл беремін. Өзім де осы жұмысқа қатыстым», - деді ол.

Сөз соңында Мұхтар Тайжан жаңа жер туралы заңда қазақтандықтардың құқықтары ескерілгендігін баса айтты.

«Осы заңның ішінде латифундистерге арналған нормалар бар. Оны Ерлан Нысанбаев (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі – автор) айтып кетті. Яғни бір адамға немесе бір фирмаға берілетін жердің көлеміне шектеу болады. Ол өте маңызды. Өйткені, латифундизм деген ұғымды жойып тастау керек. Жер халыққа тимей ауылда жұмыссыздық болады. Сондықтан біз оған арнайы назар аудағанымыз жөн», - деді ол.

Жер тек қана Қазақстан азаматтарына ғана беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер