Қазақстанда Жер кадастры мен жылжымайтын мүлік тіркеу біріктіріледі. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақстанда Жер кадастры мен жылжымайтын мүлік тіркеу біріктіріледі. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Әділет министрлігі жылжымайтын мүлікті тіркеуді оңайлату үшін барлық техникалық жұмыстарды «Азаматтарға арналған Үкімет» мемкорпорациясына беруді жоспарлап отырмыз. Қазір бұл мәселені Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен талқылап жатырмыз, егер бұл тәжірибе сәтті болса, оны мемлекеттік қызметтердің басқа да түрлеріне қолданамыз. Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, «Бірыңғай кадастр» ақпараттық мәліметтер базасын құру мәселесі пысықталуда. Бұл база жылжымайтын мүлік пен жер кадастыры регистрін біріктіріп, жер мен жылжымайтын мүлікті тіркеу процедураларын жеңілдетеді деп күтілуде», - деді Бекетаев.
Министр мекеме Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында берілген тапсырмаларды орындау жұмыстарын атқарып жатқанына тоқталды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!