Жекешелендірудің кешенді жоспары 84% орындалды – қаржы министрі - Үкімет|16 Қазан 2018, 14:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жекешелендірудің кешенді жоспары 84% орындалды – қаржы министрі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша 887 нысанының 524 сауда-саттыққа шығарылып, олардың 444 сатылды. Сату бағасы 253 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, 287 нысан қайта ұйымдастырылу және таратылу кезеңінде. 12 нысанды кешенді жекешелендіру тізімінен алып тастау туралы ҚР экономиканы жаңғырту мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі қабылданған.

«Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы бүгінде 84% деңгейінде қалыптасты. Осы жылы сауда-саттықа 257 нысанды шығару жоспарланды. Іс жүзінде 142 нысан саудаға шығарылды және 47 нысан бойынша қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шешім қабылданды. Бұдан бөлек автокөлік жолдары саласындағы 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бойынша бір лотпен жекешелендіру бойынша ұсыныс енгізіліп, оларды бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде», -дейді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар ол, сауда-саттықа шығарылған нысандардың ішінен биыл 63-і сатылғандығын және сату бағасы 74 млрд теңгені құрағандығын жеткізді.

«Жекешелендіруге жататын 63 топ нысанның бүгінгі күні 17-сі сатылды. Сату бағасы 125 млрд теңгені құрады. Биыл 39 топ нысан сатылуға жоспарланып отыр. Олардың 16-сы сауда-сатыққа шығарылды, 4-і сатылды және 2 мемлекеттік комиссия шешімі негізінде тізімнен алынып тасталды», -деді ол.

Қалған нысандар бойынаша әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде екен. Бұл ретте министр, Мәдениет жәнес порт, Білім және ғылым министрліктерінің иелігіндегі республикалық меншіктегі екі нысанның топ нысаны бойынша, яғни «Казспортинвест» және жекешелендіруге жататын «Бөбек» сауықтыру орталықтары жұмыстары созылып отырғандығын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер