BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жақын арада xалыққа біздің жұмысымыз сезілуі керек - К.Мәсімов

Астана. 14 маусым. Baq.kz - Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов экономикалық дамудың қалыпты жағдайына жету үшін Министрлер кабинетіне тиісті тапсырмалар берді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Атап айтқанда, энергетика министрлігі мен “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына “Қашаған” кен орнын іске қосу міндеті жүктелді.

“Сіздерге мұнай өндіру көлемін 74 млн.-нан 75 млн.-ға дейін көтеру керек. Сондай-ақ Қашағандағы мұнай өндіру жұмысын ағымдағы жылдың қазан айында бастау міндеті тұр”- деді К.Мәсімов

Бұдан бөлек, биыл “Нұрлы жол” бағдарламасы мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының игерілмей қалатын қаржысын тиімді пайдалану қажет. Негізгі мақсат – экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жалпы ішкі өнімді арттыру. Премьер-министр дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу мәселесіне баса назар аударды.

“Бүгін Мемлекет басшысы 2008-2009 жылдары болған дағдарысқа қарсы бағдарламаны қайта іске қосуды қажеттігі жайында айтқан болатын. Осыны әкәмдермен бірге қолға алу қажет. Халық осы жұмыстың нәтижесін көруі тиіс”,-деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Осыған байланысты қаржы министрлігі күзде бюджетті нақтылау барысында қаржы ресурстарын уақытында реттеп алуы шарт. Премьер-министр қала мен ауылдардың инфрақұрылымын, тұрғын-үй шаруашылығын жөндеу үшін “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасын қаржыландыру көлемін арттыруды тапсырды.

"Президент біздің алдымызға маңызды міндеттерді қойды. Жақын айларда, тіпті апталарда xалық осы шешімдердің іс жүзінде болып жатқанын сезуі керек”-деді К.Мәсімов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер