Жұма күні, 4 тамызда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» екінші институционалдық реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Күн тәртібінде - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» екінші институционалдық реформасын іске асыру барысы.
Жоғарғы сот, Бас прокуратура өкілдері және ішкі істер, әділет министрліктері басшылығы сөз сөйлейді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!