Үкімет Президент тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар әзірледі - Үкімет|07 Ақпан 2017, 12:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Үкімет Президент тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар әзірледі

Үкімет отырысында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген даму басымдықтарын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар ұсынылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов бірінші басымдық – жеделдетілген технологиялық жаңғыру аясында цифрлық индустрияны, экономиканың негізгі салаларының технологиялық қайта жарақталуын дамытуға бағытталған 19 шара қарастырылғанын баяндады, оның ішінде төртінші өнеркәсіптік революция, инвестиция тарту, көлік инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар ғылыми әлеуетті дамыту бар.

Жобада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Елдің экспорттық-инвестициялық стратегиясы, АӨК мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы тәрізді жаңа бағдарламалық құжаттардың әзірленуі, сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу және өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту қарастырылған.

Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі кеңейту және жақсарту аясында 18 шара қарастырылған, олар ең жақсы бизнес ортаны қалыптастыруға және мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендетуге бағытталған. Аймақтық деңгейде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бизнестің барлық түрлері үшін шығындарды азайту бойынша шаралар кешені қабылданатын болады. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша қалалар мен аймақтардың рейтингі енгізіліп, оларға арнайы сыйақы тағайындалады.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық аясында 11 бағыт қарастырылған, олар инфляцияны кезең-кезеңімен 3-4% дейін төмендетуге, банк секторын сауықтыруға, отандық қор нарығын жандандыруға, бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған.

Төртінші басымдық аясында – адами капиталды дамыту бойынша 10 шара қарастырылған. Білім саласында оқу бағдарламалары жаңартылып, үш тілде білім беруге кезең-кезеңімен көшу қамтамасыз етіледі, еңбек нарығының талаптарына сәйкес кәсіптік стандарттар жаңартылады. Денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ақпараттандыру және бұл жүйені халық арасында түсіндіру бойынша жұмыстар атқарылады.

Зейнетақы төлемдерін және баланың тууына берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін арттыру мақсатында әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілер қабылданады. Сонымен қатар, күнкөрістің ең төменгі деңгейі көлемінің құрылымы қайта қаралады.

Бесінші басымдық – институттық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында 9 шара қарастырылған. Меншік құқықтарын қорғауды күшейту бойынша барлық заңнамаға ревизия жүргізіледі, ЭЫДҰ ұсыныстарын енгізу бойынша Жол картасы әзірленеді.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризммен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламалар мен киберқауіпсіздік тұжырымдамасы әзірленеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар саласында заңнаманы жетілдіру мақсатында орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізуді қарастыратын заң жобасы әзірленеді.

Алдағы онжылдықта жаңа индустриялар мен жаңа өсім моделін құру үшін Қазақстанда Елдің жаңа технологиялық құрылымға көшуінің бірыңғай стратегиясы дайындалады. Осы мақсатта «Қазақстан 2025 – Ұлттық технологиялық бастама» Стратегиялық жоспары әзірленеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер