Үкімет Парламентке 33 заң жобасын енгізеді - Үкімет|01 Қараша 2016, 15:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Үкімет Парламентке 33 заң жобасын енгізеді

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Қазақстан Үкіметі келесі жылы 33 заң жобасын әзірлеп, Парламент қарауына енгізеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әділет министрлігі «Құқықтық актілер туралы» заң мен Үкімет регламенті талаптарына сәйкес, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарын әзірледі. Жоспар жобасында 2017 жылы 33 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу көзделіп отыр. Бірінші тоқсанда Үкіметке - 10, екінші тоқсанда - 9, үшінші тоқсанда - 20, ал төртінші тоқсанда 4 заң жобасын енгізу қарастырылуда», – дейді министр.

Оның айтуынша, жоспар жобасын дайындауда Мемлекет басшысы мен Үкімет басшылығының тапсырмалары, сондай-ақ Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары ескерілген.

«Мысалға алар болсақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуге, жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуге, мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі басқаратын ұйымдарға аударуға бағытталған заң жобаларын жасау жоспарланып отыр», –дейді М. Бекетаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер