BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үкімет игерілмей қалатын 155 млрд. теңгені қайда жібереді?

Астана. 14 маусым. Baq.kz – Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Нұрлы жол» мен дағдарысқа қарсы бағдарламадан қалатын 155 миллиард теңгені тиімді игеру жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 70 млрд. теңге игерілмей қалады деген болжам бар. Бұдан бөлек, дағдарысқа қарсы шаралары үшін қарастырылған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 85 млрд. теңгесі тағы бар.

«Дәл осы 155 млрд. теңгені өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау шараларына жұмсауды ұсынып отырмыз. Соның арқасында несиелеудің қолжетімді мөлшерлемесін қоюға болады. Бұдан бөлек, біз «Бизнестің жол картасына» өзгеріс енгізіп, сол қаражатты субсидиялауды ұсынамыз. Осылайша, кәсіпкерлер осы ақшаны жылдық 8 пайыздан жоғары емес мөлшерлемемен ала алады. Биыл қаңтар-мамыр айында экономиканы несиелеу деңгейінің төмендегенін ескерсек, бұл бастама отандық кәсіпорындарды қолдауға айтарлықтай септігін тигізеді», - дейді Қ.Бишімбаев.

Айта кетейік, ресми ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,3 пайызға өсті. Осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 146 576 адамды құрады. Бұл 2014 жылдан 2,8 пайызға пайызға артық. Шағын және орта бизнес субъектілері 15 858,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірді. Ал 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 260 млрд. теңгеден жоғары сомаға 1 353 ШОБ жобасы қаржыландырылды. Бұл 740 млрд. теңге сомаға өнім шығаруға, 15 700-ден астам жұмыс орындарын құруға, 66,8 млрд. теңге бюджетке түсетін салық сомасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Фото:musan.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер