Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысының әкімі А.Баталовтың Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылындағы су деңгейінің көтерілуіне қатысты есебін тыңдады, деп хабарлайды Baq.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Б.Сағынтаев облыс әкімі А.Баталовқа ҚР ІІМ-мен бірлесіп, оқиға салдарын жоюдың қажетті шараларын қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік, 27 сәуірде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қырықауылды өзені арнасынан асқан болатын.
Нәтижесінде, Қырғауылды елді мекеніндегі саяжай учаскелерін және «Алматы-Жандосов» тас жолының бір бөлігін су басты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!