Астана, BAQ.KZ. Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президент Сирил Мюллердің басшылығымен Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.
Астана, BAQ.KZ. Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президент Сирил Мюллердің басшылығымен Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру және 2019–2023 жж. Дүниежүзілік банктің Қазақстанмен серіктестігінің алдағы Шекті стратегиясы аясында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.
Өзара іс-қимылдың басым салалары арасында туризм, АӨК, индустрияландыру, көлік және логистика, өңірлік инфрақұрылымды дамыту секілді салалар қаралды.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Біріккен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Олардың қатарында қалалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, байланысты жақсарту жөніндегі ұлттық бағдарламаны қолдау, қаржы секторын реформалау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, Арал теңізінің қайта жаңаруы және т.б. жобалар бар.
Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы — 2002 жылдан бастап іске асырылып келеді және стратегиялық жоспарлау және алдыңғы қатарлы тәжірибелер саласындағы сараптамалық білімді талдау мен берудің бірден бір құралы. 2012 жылы ҚР мен Дүниежүзілік банк арасындағы Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі 2012–2017 жылдарға арналған Елдік серіктестік стратегиясын бекітті. Бағдарламаға 28 нәтиже енгізілді, олардың көпшілігіне толық немесе ішінара қол жеткізілді.
2017 жылы Дүниежүзілік банк серіктестіктің қол жеткізген нәтижелерін талдауға және ынтымақтастықты жалғастырудың басым бағыттарын анықтауға бағытталған Қазақстанның жүйелі елдік диагностикасын жүргізді, алдағы бес жылға ынтымақтастықтың басым бағыттарының көрінісі бар, олар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын ескере отырып қалыптастырылған. Диагностика және талқылаулар қорытындысы бойынша серіктестіктің 2019–2023 жылдарға арналған жаңа Елдік стратегиясы әзірленуде.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!