BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үкімет басшысы әскери ұшақтарды сатып алуға тапсырма берді

Астана. 14 маусым. Baq.kz – Президенттің Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмалары аясында Премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін ол міндеттердің мерзімін белгілеп, тиісті мемлекеттік органдарға орындауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қорғаныс министрлігі бір аптаның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, ішкі істер министрлігі мен қаржы министрлігімен бірге үлкен жүктерді көтере алатын әскери-транспорттық ұшақтарды сатып алу бойынша тиісті ұсыныстарды енгізуі тиіс. Оны (бюджетті – авт.) нақтылау аясында істеген дұрыс шығар. Қорғаныс министрлігіне соның бәрін есептеп, күзде (бюджеттің – авт.) нықтылаумен кіргенде осы мәселені бірінші кезекке қою қажет», - деді К.Мәсімов.

Айта кетейік, өткен жұмада өткен Қауіпсіздік кеңесінде Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар стратегиялық маңызы бар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, екі айдың ішінде діни бірлестіктер, көші-қон, терроризм мен экстремизимге қарсы күрес шаралары, қару-жарақты сату және сақтау заңнамасы бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеу керек. Сондай-ақ қазақстандық ұйымдар мен жеке азаматтарды шетелден қаржыландыруды бақылау жүйесін енгізген жөн. Президенттің айтуынша, әскери нысандарды қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесін жіті бақылауда ұстап, әрбір адаммен жеке-дара жұмыс істеуді тапсырды.

Фото:today.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер