Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрліктер мен әкімдіктерге отын мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрліктер мен әкімдіктерге отын мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
«Ұлттық экономика және энергетика министрліктеріне және өңір әкімдіктеріне көмірдің, газдың, дәрі-дәрмектің және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Бірінші кезекте, әкімдер бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, компаниялардың бағаны өзара келісіп алуын, арадағы делдалдардың заңсыздықтарын анықтауы қажет», - деді Сағынтаев.
Осыған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғанын, Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялағанын, бағаны негізсіз өсіруге жол берген монополистерді жазалауды тапсырғанын, Ұлттық экономика министріне арнайы тапсырма бергенін жазғанбыз.
Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысы сынға алынды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!