BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үкiмет 459 млрд теңге республикалық бюджет қаражатын тиiмсiз игерген

Үкiмет 2015 жылы 459 млрд теңге республикалық бюджет қаражатын тиiмсiз игерген. Бұл туралы Мәжiлiстiң жалпы отырысында өткен жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп берiп жатқан ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

"2015 жылы республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгi нақтыланған жоспармен салыстырғанда 105,7 пайызға орындалды. Бiз салықтық резервтер, көрсетiлетiн қызметтер мен тексерулердiң сапасын арттыру, кiрiстердi болжауды жетiлдiру мен жалған кәсiпкерлiктiң алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз", - деп баяндады Б.Сұлтанов.

Ал бюджеттiң шығыс бөлiгi 2015 жылы 99,8 пайызға орындалған. Министрдiң айтуынша, өткен жылғы 7 триллиондық бюджеттiң тек 16 млрд теңгесi ғана орындалмапты.

"Оның iшiнде игерiлмей қалғаны тек 7,8 млрд теңге. Бұл жоғары деңгейдегi нәтиже деуге болады және бiрлескен еңбектiң қорытындысы. Бiрақ шығыстардың мұндай рекордтық жоғары игерiлуiне қарамастан, өкiнiшке қарай, тиiмсiз атқарылу фактiлерi сақталып отыр", - дедi ол.

Есеп комитетiнiң деректерi бойынша былтыр 459 млрд теңге бюджет қаражаты тиiмсiз орындалған.

"Мемлекеттiк аудитке көшу, мемлекеттiк сатып алуды жоспарлау және мониторингiлеудiң жаңа тәсiлдерiн енгiзу, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы сома қалдықтарын азайту және басқа да шараларды iске асыру тиiмсiз шығыстардың көлемiн төмендетуге ықпал етедi", - деп сендiрдi министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер