ҰЭМ: 2017 жылы экономика өсiмi кемiнде 2% деңгейiнде болады - Үкімет|03 Ақпан 2017, 12:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҰЭМ: 2017 жылы экономика өсiмi кемiнде 2% деңгейiнде болады

2017 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсiмi кемiнде 2% деңгейiнде болады. Бұл туралы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiздiң болжамымыз бойынша биылғы жылдың қорытындысы бойынша экономика өсiмi кемiнде 2% деңгейiнде болады. Салалар бойынша айтсақ, айтарлықтай өсiм тау-кен өнеркәсiбiнде – 3,6%, азық-түлiк өндiрiсiнде – 3,2%, машина жасау саласында 13,0% болады деп күтiлуде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында – 2,5%, құрылыс секторында – 2,6%, көлiк пен логистика саласында 4% деңгейiнде өсiм қамтамасыз етiледi деп жоспарланған», - дедi Т.Сүлейменов.

Айта кетейiк, бүгін Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, бұл жолы Үкiметте өтуде. Жиында елдiң 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер