Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін қосымша 3,4 млрд теңге бөлінді – министр - Үкімет|08 Тамыз 2017, 15:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін қосымша 3,4 млрд теңге бөлінді – министр

«Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінің бірінші бағыты – техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша білім алғысы келетін 12 мың 500 үміткерден өтініш келіп түсті. Бұл жобаға қосымша 3,4 млрд теңге бөлініп, жергілікті бюджеттерге жіберілген. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау жұмыстарын іске асырады. Аталмыш бағдарлама бойынша биылғы жылы 9-10 сыныптарды және былтырғы жылы мектеп бітірген түлектерге арналған 1 жылдан 3 жылға дейінгі оқыту бағдарламалары бар. Оларды колледждерде оқыту қарастырылған. Қазіргі таңда өңірлерге 1 850 мобильдік топтар құрылды. Олар кадрларды даярлап, адамдардың тізімін жасайды. Білім беретін 321 колледж анықталды. Білім ұйымдарының тізімін және мамандықтарды бекіту үшін өңірлік комиссиялар жұмыстар жүргізуде», - деді министр.

Осы орайда Ерлан Сағадиев аталмыш бағдарлама бойынша білім алғысы келетін қанша азамат бар екендігін атады. Оның айтуынша, кейбір облыстар аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру керек.

«Қазіргі таңда 12 мың 500 үміткерден өтініш түсті. Бұл қамтылу жоспарының 60%-ын құрайды. Оқыту жаңа оқу жылынан басталады. Осыған орай Алматы, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының әкімдіктеріне техникалық және кәсіптік білім кадрларын даярлау бойынша үміткерлерді қабылдау жұмыстарын тездетіп жүргізу қажет. Осы бағдарлама арқылы түсетін балалар стипендиямен, бір реттік ыстық тамақпен және сырттан келгендерге жол шығындары қамтамасыз етіледі. Бұл жобаға қосымша 3,4 млрд теңге бөлініп, жергілікті бюджеттерге жіберілген», - деп түйіндеді сөзін ҚР Білім және ғылым министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер