Т.Дүйсенова: 10 өңiрде еңбек қатынастары саласында тұрақсыз жағдай туындау мүмкiндiгi жоғары - Үкімет|08 Шілде 2016, 16:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Т.Дүйсенова: 10 өңiрде еңбек қатынастары саласында тұрақсыз жағдай туындау мүмкiндiгi жоғары

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Селекторлық режимде өтiп жатқан Үкiмет отырысында ҚР Денсаулық сақтау және даму министрi Тамара Дүйсенова еңбек қатынастары саласындағы жағдайды баяндады. Оның айтуынша, бүгiнде 10 өңiрде еңбек қатынастары саласында тұрақсыз жағдай туындау мүмкiндiгi жоғары, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

"Мониторинг мәлiметтерi бойынша бүгiнгi күнi елде проблемалық 429 кәсiпорын бар, осы кәсiпорындарда 125 мыңнан астам адам еңбек етедi. Еңбек тәуекелдерi картасына сәйкес, 10 өңiрде еңбек саласында тұрақсыз жағдай туындау мүмкiндiгi жоғары", - дедi Т.Дүйсенова.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Жамбыл облыстары және Астана қаласында тәуекел деңгейi үлкен емес, бiрақ шешудi қажет ететiн мәселелер бар. Әзiрге, министрдiң айтуынша, Солтүстiк Қазақстан облысы тұрақтылық аймағында қалып отыр.

"Еңбек дауларының басты себебi жұмыс берушiлердiң еңбек заңнамасын бұзуы болып отыр. 2013 жылы 28 еңбек жанжалы тiркелген. Биылғы жылы бұл көрсеткiш төрт жағдайға дейiн төмендедi. Бұрынғысынша еңбек дауларының туындауына жалақыны уақытында төлемеу болып қалып отыр. Бұған мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзген тексерiстер нәтижесi дәлел", - дедi ол.

4 мыңнан астам тексерiстiң қорытындысы бойынша еңбек заңдылығын бұзудың 6 мыңнан астам фактiсi анықталған. Олардың 29 пайызы еңбекақыны уақытында төлемеуге қатысты болып отыр.

"Жалақы бойынша жалпы берешектiң 46 пайызы өнеркәсiп кәсiпорындарына, 17 пайызы қызмет көрсету саласы, 16 пайызы құрылыс кәсiпорындарына тиесiлi", - деп баяндады министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер